![]() |
![]() |
||||||||||||||||||||||||
|
Қазақстан Республикасының
Көшi-қон және демография
жөнiндегi агенттiгiн құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы
8 желтоқсандағы N 3783
Қазақстан Республикасында Көшi-қон және демографиялық процестердi реттеу мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн Орталық атқарушы орган (бұдан былай - Агенттiк) құрылсын. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi Көшi-қон процесiн басқару және халық санының өсуi жөнiндегi саясатты қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) бiр ай мерзiмде Агенттiк туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын; 2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
|
||||||||||||||||||||||||
| Разработано: © Centre of Applied Computer Technology Ltd. 2003 E-mail: centre999 @ mail333.com |
|||||||||||||||||||||||||
![]() |
|||||||||||||||||||||||||